Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстанда 2019-2025 жылы 3,6 млн жаңа жұмыс орны ашылды

  • 0
  • 16.11.2026, 18:18

Елімізде 2019–2025 жылдар аралығында 3,6 млн жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 2,4 млн-ы – тұрақты жұмыс орындары. Бұл еңбек нарығындағы жұмыспен қамту деңгейінің артып жатқандығын көрсетеді. Өткен жылдың өзінде, яғни 2025 жылы 564 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 361 мыңы немесе 64%-ы тұрақты жұмыс орындары. Өңірлер бөлінісінде Ақтөбе және Жамбыл облыстары алдыңғы қатарда. Әрқайсысында 38 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ Қостанай облысында 24,5 мың, Ақмола облысында 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 22 мыңды құрады. Салалар бөлінісінде жаңа жұмыс орындарының құрылуына келсек: Білім беру саласында 80 мың, ауыл шаруашылығында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар құрылыста 27 мыңнан аса, денсаулық сақтау саласында 25 мың адам жұмыспен қамтылды. Өнеркәсіп саласында 3 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орны пайда болған.

Алдияров, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары:

-Соңғы 7 жылда мысалы құрылыс және өнеркәсіп саласында 1200 астам инвестициялық жобалар іске асырылып, жұмыс орындары құралған болатын. Әрине, алдағы уақытта осы инвестициялық жобалардың қарқыны сақталатын болса жұмыс орындарын құру деңгейі өсе түседі.