Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қарағанды облысында жаңа мәдени нысандар салынады

  • 11
  • 17.11.2026, 18:06

Бұқаралық спорт қарқын алды. Елде кейінгі 7 жылда салынған 536 спорт нысаны мыңдаған адамның салауатты өмір салтын ұстануына себеп болды. Биыл тағы 120-дан аса ғимарат пайдалануға берілмек. Ал 7 жылда ашылған мәдени нысандар саланың дамуына түрткі болды.

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында бұрын мәдени шаралар мен үйірмелер ескі, әрі тар ғимаратта өтетін. Тұрғындардың сұрауы бойынша елді мекенде былтыр алғаш рет мәдениет үйі ашылды. Мұнда 200 орындық зал, сахна және түрлі үйірмелерге арналған кабинеттер бар.

Қарлығаш Мүсенова, Көкпекті ауылының тұрғыны:

– Бізде мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория бар. Сонымен қатар пошта бөлімшесі де жұмыс істейді. Мәдениет ошағы ашылғалы бері мектебімізде өнерге бейім, өнерпаз балалардың көп екеніне көз жеткіздік. Арамызда бишілер де, күйшілер де, әншілер де бар. Қазіргі таңда би жетекшілері келіп, ән жетекшілері де жұмыс істеп жатыр. Сахнамыз өнерпаз балаларға толды. Өңірде алдағы үш жылда жалпы сомасы 72,3 млрд теңгеге жаңа мәдениет нысандарын салу және қолданыстағы ғимараттарды жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде кеншілер қаласында 1500 орындық конгресс-холл салу, «Шалқыма» концерт залын және ірі кинотеатрлардың бірін жаңғырту сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы соңғы жеті жылда 312 мәдениет және 536 спорт нысаны салынған. Алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететін жаттығу алаңдары, спорт секциялары мен кешендері ауылдық жерлерде де көбірек бой көтермек.

Мейрамғазы Сапарғалиев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі:

– Көптеген осы кеңес үкіметі заманында салынған спорттық нысандардың қазіргі кезде тозығы жетіп тұр және халықаралық стандарттарға сай келмейді. Биылғы жылы бізде 121 спорттық нысан тапсыруға бағыт қойылған болатын. Оның қазіргі уақытта 61 тапсырылды, қалғаны жыл аяғына дейін тапсырылады. 98-сі ауылдық аймақтарға негізделген.

Жалпы елде өткен дәуірден қалған және Егемендік кезеңінде салынған 26 мыңнан аса спорттық нысан бар. Ел халқының бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдану көрсеткіші 50 пайыздан асады. Енді оны жоғарылату көзделіп отыр.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Болотбек Табалдиев.