Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Заң мен тәртіп: халық пікірі

  • 10
  • 17.11.2026, 18:18

Қазақстан жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп келеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қолға алынған барлық іс-шаралардың мақсаты да осы. Қайтсек қоғамды жемқорлардан арылтамыз? Жұртшылық қандай өзгерістерді күтеді?

Блиц-сауалнама:

– Президенттің берген тапсырмасына қарайтын болсақ, қоғам мен мемлекеттік биліктің бірлігі ауадай қажет болып жатыр. Сыбайлас жемқорлық ол тек қана белгілі бір қызметтердің, органдардың жұмысы ғана емес, әрбір азаматтың борышы міндеті деп есептеймін.

– Жемқорлықпен күресу – жалпы қоғамда дұрыс шешім. Бұл жазылмайтын ауру, дертке айналды ғой. Әр жерде, әр кезеңде түрлі-түрлі салалар да көріп жатырмыз жаңалықтардан, басқадан да.

– Жастардың ойы жемқорлықты құрту, жалпы қазіргі қоғамда әділетті құру деп ойлаймын.