Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

  • 4
  • 18.11.2026, 18:10

«Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр», – дейді жауапты компания өкілдері. Қазір аспалы жолдардың іргетасы құйыла бастады. Жобаға отандық бизнесмендер де тартылады.

Мысалы, француз компаниясы салатын 11 аспалы жолдың материалдарын жергілікті кәсіпорын өндіреді. Ал технологиялық және экономикалық талаптарға негізделген ашық конкурс нәтижесінде швейцариялық және даниялық компаниялар да Almaty SuperSki жобасына қатысатын болды. Бірі ғимараттардың ағаш тірек конструкцияларын жобалау, дайындау, жеткізу мен техникалық сүйемелдеуіне жауапты. Ал екіншісі ауыл атты тұжырымдамасымен айналысады. 

Олжас Бектеновтің айтуынша, жоба үздік әлемдік стандарттарға сай жасалуда және туризмнің дамуына елеулі серпін бермек. Құрылысты бәсеңдетпей, демалыс аймағын 2028 жылдың желтоқсанында ашуға тапсырма берілді.