Семейде спорттық робототехникадан чемпионат өтті
Байқау төрт аталымнан тұрады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. «Бұл дода мектеп оқушыларының шығармашылық әрі зияткерлік қабілеттерін дамытады», – дейді мамандар. Бұл шара «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Мадияр Мұратханұлы, оқушы:
- Мен бұл роботты өз сыныбыммен бірге құрадым. Біз осы турнирге жеңу үшін келдік. Кішкентай кезімнен бастап конструкторларды құрауды ұнатамын.
Әсем Жұмабаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
- Чемпионаттың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау. Робототехника жобаларын ұсынып жатыр. 66 орта мектеп және ауыл-аймақтан оқушылар қатысады. Жарыс жеңімпаздары облыстық чемпионаттарға қатысады.