Атырауда көпбалалы және аз қамтылған 72 отбасы жаңа пәтерге көшті
Бұл – несиелік пәтерлер. Баспана азаматтардың қалауына қарай бір, екі және үш бөлмеден тұрады. Әр шаршы метрі 180 мың теңге шамасында.
Жанар Есниязова, көпбалалы ана:
- Кезекке 2013 жылы тұрдым. Биыл ғана қолымыз жетіп жатыр. Қиындықты бір кісідей көрдік. Балалармен айлап жалдаған үйлеріміз де болды. Ақша жетпей, далада да қалдық.
Рафхат Жолдиев, қалалық тұрғын секторының меңгерушісі:
- Атырау қаласы бойынша 21 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Алдағы уақытта 4 үй беру жоспарланып отыр. Сол үйлердің құрылысы бітуіне қарай, кезектегі адамдарға комиссия шешімімен бөліп беретін боламыз.