Елге оралатын қазақстандықтардың жағдайы қатаң тексеріледі
Бірақ әзірге ондай қауіп байқалмайды. Шекара ашық. Десе де Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарына бұл елге бармауға кеңес беріп отыр.
1 наурыздан бастап коронавирустың қаупі жоғары бірнеше елге рейстер қысқартылады. Ал елге оралғысы келетін жерлестеріміздің жағдайын Бас дәрігердің өзі бақылауда ұстап отыр. Жағдай сағат сайын құбылып жатқандықтан, министрдің өзі біржақты пікір айта алмайтынын мойындайды. Бірақ ең бастысы бұл – жаһанды жаппай жайлайтын оба індетінің қатарынан емес, тез тарайтын кәдімгі жұқпалы инфекция. «Қазір Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Демек, дүрлігуге еш негіз жоқ», – дейді ол.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Барлық ауырған адам қырылып қалады деген дұрыс емес. Қорқатын ештеңесі жоқ. Бұл – кәдімгі инфекциялық ауру. Қайтыс болатындар саны 100 адамның ішінде 3% ғана. Оның көбісі созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдар, иммунитеті төмен адамдар. Балаларымыз ауырып, қайтыс болады деген – жалған ақпарат. Оған сенбеңіздер!