ШҚО-дағы науқас нәрестені орталыққа жеткізу қиындады
Кеше науқас баланы әкелу мақсатында ұшқан ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Сондықтан оны тасымалдау мәселесі кейінге шегерілді.
Енді дәрігерлер баланы автокөлікпен Өскеменге алып шыққан екен. Алайда қатты жел мен көктайғақ салдарынан жол жабылып, кері қайтты. Дегенмен мамандар: «Нәрестені қайткен күнде Ана мен бала орталығына жеткізуге тырысамыз», – дейді. Өйткені бөбекке екіжақты өкпе қабынуы диагнозы қойылған. Оның үстіне жүрек ақауы бар. Сондықтан ол жедел әрі жан-жақты тексерістер мен көмекке зәру.
Ермек Омарбеков, облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері:
- Жүрек ақауы бар.Оның үстіне өкпе қабынуы диагнозы қойылып отыр. Баланың дене қызуы өте жоғары. Сондықтан біз өз мамандарымыздың қолдауымен оны Өскемендегі біздің орталыққа жеткізу туралы шешім қабылдадық.