Хабар телеарнасы

«Панфиловшылар» жасағы халықаралық экспедицияға дайындалып жатыр

Олар Кеңес әскерінің Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің 75 жылдығына орай ресейлік әріптестерімен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтпек. Сәуірде сарбаздар «Ржев. Калинин фронты» атты халықаралық еске алу вахтасына аттанбақ. Оған әлем елдерінің 500-ге жуық іздеушісі қатысады. «Панфиловшылар» соңғы бірнеше жылда хабар-ошарсыз кеткен 50-ге жуық батырдың жатқан жерін тапқан.

Бақытжан Өтепов, «Панфиловшылар» жасағының командирі:

- Осы жылдар ішінде мұражайға 250-ден астам Кеңес әскерлерінің соғыс болған жерлерінен жәдігерлерін әкелдік. Мұражайда 14 бөлім бар. Жәдігерлер Қазақстанда құрылған 100-ші атқыштар дивизиясының және 316-шы атқыштар дивизиясы соғысқан жерлерден әкелінді. Мақсатымыз – ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау.

Рафаэль Мұхамеджанов, «Панфиловшылар» іздестіру жасағының мүшесі:

- Хабарсыз кеткен жауынгерлер туралы ақпаратты мұрағаттардан іздейміз. Бұл бағытта Украина, Беларусь және Ресейдің тарихшы мамандары, іздеушілері көмек береді. Әлеуметтік желілерде «Қазақстан сарбаздарын іздеу» деген топ бар. Күнде көптеген өтініш түседі. Қолдан келгенше табуға тырысамыз.