Астанада шахматтан студенттер арасында турнир өтті
Зияткерлік сайысқа Еуразия университетінің білімгерлері қатысты. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жарыста 27 студент сынға түсті. Жекелей сында Әлімжан Аяпов топ жарды. Екінші орын Нұржан Байниязовқа бұйырса, Томирис Сүлеймен үздік үштіктен көрінді.
Командалық бәсекеге 9 ұжым қатысып, өзара сайыс көркін қыздырды. Жалпы есепте жаратылыстану ғылымдар факультеті жеңіске жетті. Сәулет-құрылыс саласының студенттері екінші орынға ие болды. Жүлделі үшінші орын болашақ экономистердің еншісінде кетті. Жүлде алған қыз-жігіттер қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Данияр Қозыбаев, ЕҰУ механика-математика факультетінің деканы:
- Шахмат – ой-өрісті дамытуға арналған интелектуалы мықты азаматтарды тәрбиелеуге арналған ойын. Ойынды өткізгендегі негізгі мақсатымыз – студенттер арасында шахматты жариялау.
Әл-Мұхаммад, жарысты ұйымдастырушы:
- Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп, Халықаралық шахмат федерациясының ережесі бойынша ұйымдастырылды. Бұл жарыста студенттер өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды.