Астанада фонтан құрылысы кезінде ₸1 млрд қаржы заңсыз жұмсалған
Істі Қаржы мониторингі агенттігі анықтады. 2016 жылғы Астана күніне арналған фонтан жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.
Құрылыс барысында техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін сапасыз материал қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Күдікті ретінде Астана қаласы «Мәдениет басқармасының» бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 млн теңгеден асатын сомаға шектеу қойылды.