Алматыда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында турнир өтті
Алматыда Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының ұйытқы болуымен өткен жарыс тартысқа толы болды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса үміткер 10 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде шеберлігін көрсетті. Жалпы командалық есепте «Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер» мектебі топ жарса, Қарасай ауданынан келген жас балуандар екінші орынды иеленді. Үздік үштікті «Шаңырақ» республикалық спорт мектебі түйіндеді.
Сәт Тоқпақбаев, мемлекет қайраткері:
- Мынау жас жігіттер ертең біздің сүйікті Отанымызды қорғаушыларсыздар. 6 мамыр Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні. Мынау осы іс-шараны Жақсылықтың туған күні өткізіп жатқандарыңыз да үлкен абырой.