Қарағандыда бетперде мен халат шығаратын кәсіпорын іске қосылады
«Оның өндірістік қуаты облыс сұранысын қамти алады», – дейді мамандар. Өңірде коронавирусқа қарсы кешенді шараларды іске асыру үшін арнайы штаб құрылған. Дәрі-дәрмек пен медициналық препараттар алуға республика бюджетінен 39 млн теңге бөлінді. Емдеу мекемелері жанынан 400 орындық госпиталь дайындалды. Оған Қытайдан келгендер карантинге жатқызылмақ.
Жанар Беркімбаева, Тауарлар мен көрсетілген қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлім басшысы:
- Қазіргі таңда Қытайдан 81 адам келгені белгілі. Солардың барлығы 14 күн қадағалаудан өтті. 14 күннен кейінгі 10 күнде мониторинг жүргізілді. Олардың жағдайы жақсы, ешқандай шағым болған жоқ.