Хабар телеарнасы

Шымкенттегі М. Әуезов атындағы ОҚМУ қашықтықтан оқытуға көшті

Оқытушылардың бейнелекциялары қолжетімді болу үшін YouTube желісі мен университет web сайтына жүктелген. Ал қажетті ақпарат іздеген студенттерге университет кітапханасының мобильді қосымшасы әзірленген.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

- Бүгінгі таңда университетте оқу процесімен түгелдей қамтылды. Түске дейін, түстен кейін қойылған сабақтардың барлығы да онлайн сабақ кестесі арқылы жүргізілуде. Ал оффлайн режимінде қазіргі таңда балалардың жеке кейсі дайындалған. Олар өздерінің гаджеттері арқылы логин, парольдерін теріп кіре алады.