Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10-шы науқас тіркелді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлаған болатын. Науқас 1986 жылы туған әйел 15 наурызда Ыстамбұл қаласынан Алматыға ұшып келген. Ауырған 10 кісінің 8-і Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтанда ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, қазір елімізде 1536 адам карантинде, 1094 тұрғын үй жағдайындағы карантинде отыр.