Қайрат Нұртас волонтерлермен бірігіп игі шараны бастады
Волонтерлермен бірігіп, игі шараны бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Карантинде жатқандарды бақылайтын дәрігерлерге, медбикелерге сүт өнімдерін үлестірді. 80-нен аса отандық сүт өнімін әр ауруханаға жеткізіп берді. Оның ішінде көп салалы қалалық балалар ауруханасы да бар. Волонтерлер штабынан 10-нан аса жас белсенді қосылды. Олар ауруханалардың және карантинге берілген қонақ үйлердің алдына бірнеше себет қалдырған. Әншінің айтуынша, бұл игі шара алда да жалғасын табады.