Елордалық психологтар төтенше жағдай кезінде онлайн-кеңес береді
Мамандардың айтуынша, бүкіл әлемде белең алған коронавирус пандемиясы дүниежүзілік дағдарыспен бірге адамдарға физикалық және психологиялық ғана емес, психикалық тұрғыдан да теріс әсер етуі мүмкін. Осыған орай елордада Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы Қазақстанның психологиялық көмек еріктілері одағымен бірлесіп, кәсіби психологтардың онлайн-кеңесін өткізеді.
«Қазірдің өзінде 20-дан астам психолог жұмысқа кірісті. Психоэмоционалды қиындықтарды бастан кешкен қала тұрғындары мамандардан кеңес ала алады. Бұл бірінші кезекте депрессия, психоз және жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуін тоқтатуға көмектеседі», - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының өкілдері.
Жоба бүгіннен бастап карантинің соңғы күндеріне дейін жалғасады. Онлайн-кеңес алу үшін ҰҒКО байланыс нөмірі арқылы хабарласу қажет: +7 (7172) 272 090. Жазылу уақыты күн сайын сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жүреді.