Қазақстанда коронавирустан айыққан науқастар саны 100-ден асты
Оның ішінде Нұр-Сұлтанда 38, Алматы қаласында 49, СҚО 1, Ақтөбе облысында 1, Жамбыл облысында 3, Павлодар облысында 1, Алматы облысында 1, Қарағанды облысында 1, Шымкент қаласында 2, Атырау қаласында 2, Батыс Қазақстан облысында 1 адам инфекциядан сауықты.
Сонымен бірге 13:50-де тіркелген мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тағы 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам ауруынан айықты.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 110-ға жетті.