Қостанай облысына халық тұрмысының ерекше жағдайлары ескерілген карантин режимі енгізіледі
2020 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысының аумағында кәсіпкерлік немесе өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше жағдайлары ескерілген карантин режимі енгізіледі.
Қазіргі таңда облыста 142 адам карантиндік стационарда жатыр, 5 адамның ағзасынан СОVID-19 вирусы табылды, бір адам вирустың кесірінен көз жұмды.