Алматыда коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары топ жаппай тексеріледі
Бұл әскери қызметшілер, полиция қызметкерлері, дәрігерлер, еріктілер, жүк, жолаушылар тасымалдайтын, ТЖ көлігінің жүргізушілері, ірі нысандарда жұмыс істейтін құрылысшылар, интернат қызметкерлері және т. б. азаматтардан тұратын шамамен 193 мың қызметкер.
Қазіргі уақытта қалада күшейтілген карантин жағдайында 210 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз еткен кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеп жатыр, бұл экономикада жұмыспен қамтылғандардың 17%-ын құрайды