Бейбіт жиындарды өткізу ережесіне өзгеріс енгізілді
Әрі ол міндетті түрде қаланың, елді мекеннің орталығында орналасуы шарт. Ал бір адамдық пикеттерді үкіметтік ғимараттардың алдында өткізуге рұқсат беріліп отыр. Сонымен қатар митингке қатысушыларға маска киіп, бетін бүркемелеуіне болады. Тек алаңда заңбұзушылыққа жол бермесе болды.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазақстан қоғамы қазір барынша серпілістер кезеңінде өмір сүріп жатыр. Азаматтардың қоғамдық белсенділігі артты. Өмірде қабылданып жатқан түрлі заңдарға және шешімдерге пікір білдіру, оны ашық түрде, жария түрінде жеткізу – осының бәрі мәдениетті түрде өткізу дегенге келіп тірелді. Сондықтан да «бейбіт жиналыстар» деп заңның өзінің аты айтып тұрғандай Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізудің тәртібі нақтыланды.
Максим Споткай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
- 1995 жылғы заңға қарағанда қазір қабылданған заң мүлде жаңа құжат деуге негіз бар. Жалпы осындай заңдар бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес отырысында айтқан саяси реформалар пакетінің маңызды бір бөлігі деуге болады. Қазір бұл заң – бүкіл халықаралық нормаларға, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құжат.