Хабар телеарнасы

БАҚ өкілдеріне Президенттің сыйлықтары мен гранттары табысталды

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі БАҚ-тың елеулі рөлін ескере отырып, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары:

  • Қуатов Дәурен Қасенұлына – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторына, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;
  • Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
  • Сарыбай Серік Әбікенұлына – «Жетісу» телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
  • Трухачев Александр Владимировичке – «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін.

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы гранттары:

  • Әшім Альбинаға – «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
  • Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – «Хабар» телеарнасы  талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;
  • Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;
  • Смайлов Жандос Мейірбекұлына – «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылсын.

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

  • «Ана тілі» газетінің шығармашылық ұжымына – ұлттық баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
  • «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;
  • «Казахстанская правда» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
  • «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін жариялансын.