Президент: Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр
Президент бұл жазбасында: «Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті Көбейтұз көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», – деді.
Бұған дейін Көбейтұздың жағасына көлікпен кірген азаматтың әрекеті желіде қызу талқыланып, оған полиция іздеу салғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай Көбейтұз көліне көлікпен кірген адам ұсталды.