СҚО-дағы Қоскөл көлінде 600 кг балық қырылып қалды
Өткен айдың соңында Айыртау ауданында жарты тоннаға жуық мөңке балығының өлексесі жағаға шығып қалған еді. Аталған фактіге байланысты арнайы комиссия құрылды. Құрамында ветеринарлар, экологтар және табиғатты қорғау инспекторлары бар. Су мен балықтан сынама алынып, зертханада тексерілді. Қорытындысы бойынша күкірт сутегінің нормадан көп бөлінгендігі анықталды. Салдарынан су маржандары тұншығып қалған. Жалпы биыл өңірде осындай үшінші жағдай тіркеліп отыр.