6 қазаннан бастап Алматыда театрлар жұмыс істей бастайды
Санитарлық талаптарға сай бейтаныс адамдар бір-бірінен әлеуметтік қашықтық сақтап отырулары керек. Бұдан бөлек, шаһарда көлік жуу, аяқ-киім жөндеу, киім тазалау мен көлік жөндеу секілді халыққа қызмет көрсету орындарының жұмыс уақыты ұзартылды. Енді таңғы 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарына да жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар елімізде Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Оған сай 6 қазаннан бастап зертханалық талдауынсыз шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмейді. Шекара бекеттерінде сырттан келгендердің ыстығы тексеріледі. Анкета толтырып, қолдарында 72 сағат бұрын жасалған тест анықтамасы болуы қажет. Өйтпеген жағдайда екі күнге стационарға жатқызылады.