Қазақстанда «Қоғамдық бақылау» пайда болады
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездескен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. Кездесуде Қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу механизмдері және оны заңнамалық тұрғыдан бекіту жайы талқыланды. Заң жобасы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуі керек. «Сондықтан Қоғамдық бақылаудың құзыреті жоғары болу керек», – дейді жиналғандар. Алматылық белсенділер қолданыстағы Қоғамдық кеңес туралы заңға да өзгерістер мен түзетулер енгізу керектігін айтады. «Кеңес мүшелерін сайлауда ашықтық болса және даулы мәселелерге байланысты сарапшыларды тарту үшін бюджеттен қаржы қарастырылса», – дейді. Сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың ішінен Қоғамдық кеңес ашуды ұсынды.
Рахман Алшан, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Олар: «Сендерге қарамаймыз, бағынбаймыз», – дейді. Біз енді квазимемлекеттік секторларға хат жазамыз, келмейді. Әрең жауап беретіндері де бар. Ал құжат заңды болатын болса, заң бойынша жауап берулері керек. Енді «Қоғамдық бақылау» жөніде ұсыныс келсін, сәйкес болсын. «Қоғамдық кеңес» заңы мен «Қоғамдық бақылау» заңы бір-біріне қайшы келмесін.