Көлігіңіз қысқа дайын ба?
Бұл – тек елордада тіркелгені. Оның бірқатары көк тайғақ себебінен болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, көліктерге қысқы дөңгелектің орнатылмағандығынан. Аймақтарда да осыған ұқсас жағдай. Жүргізушілер қар түспей жатып, дөңгелек ауыстыруды жөн санамайды. Қар жауса, дөңгелек ауыстыратын орын таппай, әлекке түседі. Бұған мамандар не дейді? Жалпы дөңгелек нарығы қаншалықты үлкен?
Дөңгелек ауыстыру орталығының қай-қайсысында да қазір осындай көрініс. Әсіресе қар түскен сәтте қарбалас басталады. Сырттағы көлік кезегінің көптігіне қарамай әр жүргізуші күтуге дайын.
Бұл күндері дөңгелек саудасы да қызып тұр. «Өнім бағасында биыл үлкен өзгеріс жоқ», – дейді сатушылар. Талғамыңызға сай таңдау көп.
Кирилл, сатушы:
- Дөңгелек таңдағанда ең алдымен оның қай жылы шығарылғанын тексеріңіз. Ол дөңгелектің бүйірінде жазылған. Сондай-ақ оның неше тікені бар екенін қараңыз. Мәселен, мынада аз, ал мынада жиі орналасқан. Бірақ жүргізушілер бұған мән бермей, бағасы арзанын таңдайды.
Арзаны бар, қымбаты бар Қазақстандағы 4 млн көлік үшін отандастарымыз әр маусым сайын 2 млн-ға жуық дөңгелек сатып алады екен. Өндірушілер тізімі де айтарлықтай кең, 27 мемлекет. Нарықтың 80% Ресей мен Қытай өнімі жаулап алған.
Байқағанымыздай, импортқа тәуелдіміз. Бірақ тауар тапшылығы жоқ. Десе де, дөңгелекті қай кезде ауыстыру керектігін нақты білмейміз. Ерте жасатсаң, дөңгелек тозады, жасамасаң қауіп басым.
Қысқы дөңгелек орташа алғанда 3-4 маусымға төзімді. Ал ең дұрыс есеп оның қолданылуы 60 мың шақырымнан аспағаны абзал.
Авторлары: Ердаулет Ыбырайұлы, Нұрлан Малгелдинов