Жамбыл облысында мал ұрлығы тыйылар емес
Қазір бұл ауданда барымташылармен күрес күшейтілді. Соңғы бірнеше айда мал ұрлығымен айналысатын 4 бірдей қылмыстық топ қолға түскен. Олар қылмыстарын мойындап, 39 бас мал иелеріне қайтарылды. Қазір ауданда 5 қылмыс әлі де ашылмай тұр.
Талғатбек Тәтенов, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы:
– Мал мүлдем қараусыз жүр. Егелері аптасына бір мәрте, болмаса екі аптада бір барып қараудың салдарынан малдардың жоғалу көлемі өсіп отыр. Айта кететін жағдай, малшылардың аты-жөнін сұрамайды. Белгісіз адамдар келіп, қолдарында жұмыс істеп, егелері жоқ кезде малдарын айдап кетумен айналысуда. Және де олар жоқта сатып жіберумен айналысқан жағдайлар болып жатыр.