Сақшы мен дәрігер неге от жағып жүр?
Ал санитарлық бекеттерге қойылған пешті мамандар өздері жағады. Полиция мен медицина қызметкерлері бекеттерде кезекпен күндіз-түні жұмыс істейді. Сондықтан олар: «Ары-бері өткен жолаушылардың денсаулығын тексереміз бе, әлде от жағамыз ба?», – деп шағымданып отыр.
Бекеттердің маңына қойылған био-дәретханалардың бәрі қатып жатыр. Ал ең негізгі проблема суықтың кесірінен адамдардың дене қызуын өлшейтін термометорлар қатып, істен шығып үлгерген.
Асқар Хорошаш, ҚР Денсаулық министрлігінің өкілі:
– Біз санитарлық бекеттердегі жағдайларды білеміз. Сондықтан қосымша материалдық жабдықтауды қолға алдық. Олардың жұмысы жеңілдеу үшін жылдың соңына дейін тағы 216 жедел жәрдем көлігі алынады.