АЕК мөлшері тоқсан сайын қаралуы мүмкін
Қазақстан Коммунистік халық партиясының онлайн-пікірталасында осы ұсыныс талқыланды. Республикадағы түрлі қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері өз ойларын ортаға салды. Олар айлық есептік көрсеткіш мөлшері жыл сайын өсіп жатқанын және инфляция иірімі ескерілмейтінін айтты. Партия өкілдері есептеу механизмі әлеуметтік сұранысқа қарай жүзеге асуы тиіс деп санайды. Сондықтан көрсеткіш мөлшерін әр тоқсан сайын қарау қажеттігі айтылды. Ұсыныс Үкіметке жолданады.
Ниязбек Есенәлиев, ҚКХП БҚО филиалының хатшысы:
– Коронавирус инфекциясы болды пандемия, тағы да екінші толқыны күтіліп жатыр. Сондықтан ЕАК мөлшерін өзгертуді сұрастырып жатырмыз. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтерге тариф сомасы көбейіп жатыр, сондықтан қазір мұқтаж көріп отырған адамдарға үлкен көмек болады деп есептеймін.