Шымкент қаласына жаңадан 590 автобус әкелінді
Жолаушыларды тасымалдауға арналған бұл автобустар жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген. Қоғамдық көлік салоны бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Пандус пен мүгедек арбаларының да орындары бар. Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018 – 2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде былтыр 300 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда бұл көліктер халық игілігіне қызмет етуде.
Ержан Жолдасов, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Осы айдың соңы және келесі 2021 жылдың қаңтар-ақпан айына қалған автобусты беру жоспарда бар. Енді алда 440-ын береді. Қазір 150-ін беріп қойды. Сонымен біздің қаладағы үш жылдық және үш жылға дейінгі автобустар 87% құрайды. Негізінен қалада осы үлкен автобустар болады.