Хабар телеарнасы

Атырауда азық-түлік бағасы қымбаттады

Күнбағыс майы – 35 процент, ет өнімдері – 25, ал жұмыртқа 30 процентке дейін қымбаттаған. Осыған орай жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен, әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы жасақтаған тұрақтандыру қоры кешенді шараларды қолға алды. Сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатына 400 млн теңге бөлінген.

Айта кетейік, ең алғаш бағаның өсуі алдымен, қоғамдық тамақтандыру орындарында байқала бастаған.

Венера Елеусінова, асхана меңгерушісі:

Бұрын ұнның 10 келісін 1 мың теңгеге алып жүрсек, қазір 2 мың тұрады. Бұрын 350-400 теңгенің шемішкі майлары 500 теңгеден артық, кейбірі фирмасына қарай 600 теңге. Ұн қымбаттағасын макарон өнімдері де қымбаттайды.