Пандемия салдарынан экспортқа өнім шықпай қалды
Шаруалар Қызылқоға және Құрманғазы аудандарында бағылатын 20 мыңнан астам қойдың еркек тоқтыларын Шешенстан, Дағыстанға жөнелтетін. Биыл жұқпалы індетке байланысты көрші елдер арасындағы шекара жабылып, алты мың бас мал алушысына жетпей қалды. Асыл тұқымды қойлар сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие көрінеді. Ал қыруар табыстан қағылған кешенді шаруашылық келер жылдан үмітті.
Владимир Розметов, ауыл шаруашылығы кешенінің бас директоры:
- Бұл – экспорттың малы. Оны жылда Ресейдің мекемелеріне сататынбыз. Биыл сата алмай қалдық. Шекара жабық, коронавиурсқа байланысты алушылар келмей қалды. Жалпы жыл сайын осы жерден 100 млн теңгеге үш мыңдай қозыны сататынбыз.