Зейнетақы жинағындағы қаражатты қайдан тексеруге болады?
Оның жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке-жеке анықталған. Мәселен, 30 жастағы азамат үшін ол – 2 миллион 500 мың теңге. 40 жаста болсаңыз – 3 миллион 420 мың. Ал 59 және одан жоғары жастағылар үшін 5 миллион 560 мың теңге болып бекітілген.
Жинағыңыздағы осы шектен артылған ақшаны тұрғын үй алу, емделу мен инвестициялық басқаруға жұмсауыңызға рұқсат.
Айта кетейік, қолжетімді сома туралы ақпаратты қордың enpf.kz сайтында ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы тексеруге болады.