БҚО-да 505 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Өңірде сайлау үрдісі қалай жүріп жатыр? Санитарлық талаптар бақылауда ма?
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Орал қаласы бойынша 123 сайлау учаскесі жасақталды. Онда 200 мыңнан астам адам тіркеліпті. Мен дәл қазір орыс драма театрының ғимаратында тұрмын. Бұл аумақта шоғырланған тұрғындардың қарасы қалың. Елдегі елеулі оқиғаға олар бейжай қарамай, дауыс беруге ағыла келіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша сайлау басталғалы екі сағат болды. Осы аралықта қанша адам дауыс бергені және санитарлық талаптардың сақталуына қатысты облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Замидоллаұлынан сұрап білдік.
Ғайса Қапақов, ОСК төрағасы:
- Ауа райына қарамастан біздің сайлаушылар өз міндетін атқарып, сайлауға қатысуы жаман емес. Қазіргі уақытта облыс бойынша 12% астамы, яғни 57 мың адамдай сайлауға қатысып, дауыс берді.
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Айта кетейік, бұдан өзге шаһарда 14 жабық сайлау учаскесі бар. Олардың көбі емдеу орындарында ашылған. Сонымен қатар қариялар мен мүгедектер үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.