Арқалық қаласындағы кейбір үй тұрғындары тоңып отыр
Әсіресе, көпқабатты ескі үйлердің дені суық. «Оның басты себебі – ішкі құбырлардың дұрыс тазартылмағандығы», – дейді жергілікті мамандар. Оған қоса қазандықтардың құрал-жабдықтары, жылу құбырлары 60-жылдардан бері жаңартылмаған.
Гүлнар Өтегенова, Арқалық қаласының тұрғыны:
- Қалың киіммен жүрмесең, бөлмемде жылу жоқ. Жай қан жылым болар-болмас қана.
Әскербек Әлмағанбетов, жылу энергетикалық орталығының өндіріс басшысы:
- Қазір салқын күнге ғана емес, қатты желдің әсерінен де болып тұр. Желді күндері біздің қалаға беріліп отырған жылуымыз өте төмен түсіп кетеді. Неліктен? Өйткені көп жердің сырты қапталмаған.