Хабар телеарнасы

Жаппай вакциналау науқанына дайынбыз ба?

Екпе қалай жүргізіледі? Қанша кезеңнен тұрады? Бірінші кезекте кімдер егіледі? Оларды вакциналау ерікті түрде жүргізіле ме? Егер дәрігер немесе полция өкілі салдыртуға келіспесе ше?

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Жалпы өздеріңіз білесіздер, 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналау елімізде басталады. Қазіргі уақытта бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде вакцина алатындар: инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлері, жедел жәрдем қызметі мамандары, санитарлық-эпидемиологоиялық мамандар, алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлер, қабылдау бөлімінің мамандары. Шамамен жүз мың адамға жуық азамат вакцинаны қабылдайды. Сонымен қатар екінші кезең бар. Екінші кезеңде ЖББ мектеп мұғалімдері, ЖОО ұстаздары және ведомствалық медицина қызметі мамандары 1 наурыздан бастап қабылдайды. Одан кейін 1 сәуірден бастап үшінші кезең басталады. Бұл жерде атап айтсақ, шамамен 600 мыңға жуық азамат вакцинаны қабылдайды. Ал биылғы жылы шамамен 6 млн қазақстандықты вакцинаналау жоспарда бар. Сондай-ақ тарап кеткен қауесетке байланысты айтып кететінім, мәжбүрлеу, міндеттеу деген болмайды. Бұл – біздің заңымызға қайшы әрекет. Қарсы болса, өз еркімен бас тарта алады. Егер де мәжбүрлеу жағдайы болып жатса, онда комитетке не құқық қорғау органына хабарласуларын сұраймыз.