Хабар телеарнасы

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласының 75 қайраткеріне тағайындалды

Оған ие болғандар қатарында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов және Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжанов сынды өнер майталмандары бар.

Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі Сәбит Оразбаев Бірінші дережелі «Барыс» орденімен марапатталды. 85 жасқа толған Сәбит Қоңырбайұлы саналы ғұмырын театрға арнап, 100-ден аса рөл сомдаған.

Ал «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

– Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтауларын жіберді. Мемлекетіміз індетке және оның себебі ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарамастан жұмыла еңбек етумен қатар ізгілікті рухани шараларды да одан әрі жүзеге асырып, мәдениет-руханият саласына қажетті мән беріп, жан жақты қолдау көрсетуін одан әрі жалғастыруда.

Сәбит Оразбаев, Қазақстанның Халық әртісі:

– Еткен еңбегімізді бағалап, көңілімізді көтеріп, сол еңбектің жемісі деп кеудемізге тағып жатсыздар. Рахмет! «Сыйластық тіршілікте сыйланғанмен» дейді. 85 жасқа қалай келіп қалғанымызды білмей қалдық.