Хабар телеарнасы

Жаңа әліпби нұсқасының бұған дейінгілерінен қандай айырмашылығы бар?

Мәселен, жаңа жобаның бұған дейінгілерінен қандай айырмашылығы бар? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін  Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаны студиямызға қонақ ретінде шақырдық. Қош келдіңіз.

ЛАУРА:

– Жаңа үлгіге қарап тұрсақ. Әуелде айтылған «бір әріп – бір таңба» деген тәртіпке әбден келеді. Бірақ диакритикалық белгілер көбейіпті. Умлаут, бревис, макрон, седиль. Неге?

Әділбек Қаба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы:

– Енді бұл жерде егер халықаралық деңгейде қарайтын болсақ, диакритикалық таңбалар көбейіп кетті деп айтуға келмейтін шығар. Өйткені бізде бар болғаны төрт диакритика. Бұл Умлаут, бревис, макрон, седиль. Бұлай болу себебі классикалық латын әліпбиінде бар болғаны 21 әріп бар. Ал енді қарпімізді таңбалау үшін ол әріптер жетпейді. Оның үстіне ө, і, ң, ү сияқты ұлттық әріптеріміз бар.Сондықтан да бізге осы таңбаларды алуға тура келді. Бұл бір. Екінші нәрсе, бұларды осылай таңдай салайық деген нәрсе емес, бұл кәдімгі халықаралық тәжірибеде зерделенді. Солардың ішінде мысалы, умлаутпен алынатын а, ө, ү әріптеріндегі жіңішке дауыстарға қойылатынын бүкіл әлем біледі. Мәселен, ол таңба Африка, Еуропа елдерінің көздеріне таныс. Біздің жазуымызды оқитын болса, ол жіңішкеліктің белгісі екенін жақсы біледі. Ал макрон созылыңқылықты білдіреді. Седиль ызыңдықты білдіреді. Мысалы, ш дыбысына қойылатын деген сияқты. Бревис қысқа дауысдарды білдіреді. Бұл таңбалар көп елде қолданылады. Умлауттың өзі түркі халықтарынан бөлек, фин, немістерде қолданылады екен.

ЖІГЕР:

– Жаңа әліппеге кезең-кезеңмен көшу 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған болатын. Кеше бұл үрдіс 2023 жылы басталып 2031 жылға дейін созылуы мүмкін екендігі айтылды. Жалпы әлемдік тәжрибеде бір елдің жазуын ауыстыру қанша уақытты алады?

Әділбек Қаба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы:

– Соншалықты үлкен қындық болады деп ойламаймын. Алдыңғы ұрпақ ағылшын, не неміс, француз тілін оқыды. Олардың барлығы латын графикасында қолданылады, яғни дыбыс біздің көзге таныс. Басқа елдердің тәжірибесінен алатын болсақ, көрші Өзбекстанның өзінде осыны үйренуге жиырма жыл уақыт кетіп отыр. Бұл жерде таңба ғана ауысып қоймайды, біздің мемлекетіміздегі жазу-сызу сияқты барлық басқа дүниелердің барлығы соған өту керек.

ЛАУРА:

– Енді осы үлгі бекітілсе. Әрі қарай қандай жұмыстар атқарылады?

(Насихат жұмысы бар, мамандарды, оның ішінде мұғалімдерді дайындау, кітап шығару, мүмкін сайттар жасалады. Осы шаруаларды кім қалай ұйымдастырады?)

Әділбек Қаба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы:

– Егер Президент бекітетін болса, бұдан кейінгі мәселе – латынға енгізу және оны үйрету. Осыған байланысты біздің 2018-2025 жылдарға арналған жоспарымыз бар болатын. Осы жұмысқа екі-үш жылымызды арнағандықтан енді бізге ары қарай жылжуға тура келеді. Мемлекет басшысының хаттамасы келгеннен кейін біз жоспар жасаймыз. Сол жоспар бойынша кезең-кезеңмен кім қашан өтеді, қандай уақытта өтіп болуы керек осы мәселелер қолға алынады. Бірінші кезекте, әрине, біз аймақ-өңірлердегі мұғалімдерді үйретуіміз керек. Оларға әріпті ғана емес, олардың емлесін оқытуымыз керек. Одан кейін олар жергілікті жерлерді оқытады, сөйтіп 2022 жылы бастауыш сыныптың балалары оқи бастайды, келесі жылға дайындалып барады, бірінші сыныпты бастайды. Сөйтіп 2031 жылы біздің алғашқы түлектеріміз оқып шығатын болады.

ЖІГЕР:

– Әділбек мырза, уақыт бөліп студиямыздың қонағы болғаныңызға көп рахмет! Қымбатты көрермен, Хабар арнасының тікелей эфирінде қонақта болған Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба болатын.