Латын қарпіне негізделген жаңа пернетақта қолданылады
Ғалымдар осы бағытта жоспар құруға кірісті. Жақында жаңа әліпбидің жетілдірілген түрі халыққа таныстырылғаны белгілі. Нұсқа Президентке ұсынылып, бекітілетін болса, негізгі жұмыстарға кірісуге болады. Яғни алдымен орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер мен анықтамалықтар дайындалады. Айта кетейік, жаңа пернетақта әзірлеу ісі де қатар атқарылуда. Ұсыныстардың ішінен үш үлгі іріктеп алынған.
Әділбек Қаба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл комитетінің төрағасы:
- Үш үлгінің ішінен біреуі ғалымдардың көңілінен шығып тұр. Алайда бұл әлі де талқыланады. Біздің әріптердің орналасуы қалай болады? Ол ертеңгі күні Unicode-тан табыла ма деген мәселелердің барлығы зерделенген.