Хабар телеарнасы

Ticketon Awards сыйлығы үшін дауыс беру басталды

Қазақстандықтар сайтта дауыс беру арқылы мәдениет саласының үздіктерін анықтап қана қоймай, 2020 жылдың ең жарқын мәдени шарасын да таңдайды.

Биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған Ticketon Awards сыйлығы мәдениет пен спорт саласында дәстүрлі шараға айналған. Ол әртүрлі жанрдағы ең үздік шығармашылық жұмыстарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуындағы ең сәнді үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді. Шара театр тұсаукесерлерін, жаңа фильмдер мен өнер өкілдерін көпшілікке танытады.

Виктория Торгунакова, Ticketon компаниясының бас директоры:

- Біз маңызды дүниелерге басымдық беріп, мәдениеттің көлеңкеде қалып қойған салаларына назар аударғымыз келді. Себебі қазір балаларға арналған іс-шаралар жеткіліксіз. Мұражай іс-шаралары, көрмелер де жетіспейді. Біз мұны аталымдар жасайтын кезде анық байқадық.

Биыл Ticketon Awards сыйлығына 160 өнер адамы ұсынылды. Алты аталым бойынша 21 жеңімпаз анықталады. Соның бірі – фильм. Мұнда жылдың үздік қазақстандық фильмі, шетелдік фильм, актер және актриса таңдалады. Сонымен қатар дауыс берушілер Қазақстанның туристік брендін және елдің ең инновациялық қаласын анықтайды.

Виктория Торгунакова, Ticketon компаниясының бас директоры:

- Биыл ұйымдастыру комитеті мүшелерінің қатарында кинотанушы Олег Борецкий, театр сыншысы, драматург Ольга Малышева бар. Сонымен қатар PR сарапшысы және іс-шаралар менеджері ретінде Марина Гяурова да қосылды. Көпшіліктің сүйіктісіне айналған радио жүргізушісі Диана Снегина да біздің қатарымызда.

Үздіктерді таңдау үшін Award.ticketon.kz сайтына тіркеліп, дауыс беруге болады. Дауыс беру наурызға дейін жалғасады. Айта кетейік, дауыс берушілер арнайы сыйлыққа ие болады. Ал жеңімпаздардың есімі 4 наурызда белгілі болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Сержан Жумабаев