Қостанай облысында тәуелсіздік мерекесіне орай әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады
«Шежіре ғұмыр» акциясы барысында танымдық онлайн-кездесулер, байқаулар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ. Бұл игі шараларға жастар жұмылдырылады. Бүгінде олардың күшімен имидждік тауарлар дайындалды. Соның ішінде бірсыпыра қазақ қайраткерлерінің суреті безендірілген жейделер мен символикалық эко-сөмкелер тігілді. Өнімдер танымдық іс-шаралар қатысушыларына сыйлық ретінде беріледі.
Нұрбек Әбдібеков, «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі:
- Өткізіп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер кейбір кезде жастарға қызық болмауы мүмкін. Сондықтан біз әлеуметтік желілер арқылы, басқа да бір жаңа форматтағы жобаларды осы өзекті мәселелерді жеткізгіміз келеді. Ең басты мақсатымыз – жаңа форматта өткізу.