Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» жалғасын тапты
«Волонтерлер жылы аяқталғанымен, қайырымдылыққа бағытталған тың жобалар тоқтамайды», – дейді ұйымдастырушылар. Мәселен, сәуірде «Ең мейірімді өңір» атты байқау басталады. Аталған жоба ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, игі істер жасауға шақырады.
Лима Диас, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- Барлық қазақстандықты «Қайырымды істер марафонына» қосылуға шақырғым келеді. Ұлттық волонтерлік желіде 47 мың волонтер күн сайын марафонның қатысушыларына ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетіп отыр. Олар осы жылдың әр айына іс-шаралар жоспарлайды.