Елбасы кітапханасында «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» атты дөңгелек үстел болып өтті
Дөңгелек үстелге еліміздің ғалымдары, ғарыш және биотехнология саласының мамандары, «Жер, адамға тағзым!» көрмесінің серіктестері, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ғарыш саласының ғылым мен техниканы дамытудағы маңыздылығын нұсқап, әлемнің экономикалық бәсекесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының еліміздің басымдылығы екенін әрдайым белгілейтін.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев айтқандай, ғалымдар мен конструкторлардың, сынақшылар мен инженерлердің ерен еңбегісіз ғарышты игеру мүмкін емес. Олардың кәсіби біліктілігі мен адал еңбегінің арқасында заманауи ғарыш саласы бүгінгі таңда лайықты дамып келеді.
«Ғарыш – жаһандық орта. Ол – адамзаттың ортақ мұрасы. Демек ғарыш пен ғарыш технологияларын дамыту – өркениет пен жүйені дамытатын, жер бетінегі әр мемлекеттің мүддесі үшін маңызды іс. Ұлттар мен елдердің техникалық, экономикалық, интеллектуалдық күшін жұмылдырғанды талап ететін жұмыс адамзатқа серіктестіктің ірі мүмкіндіктерін бірқатар онжылдық түгілі бірнеше ғасырға кепіл етеді», – деді дөңгелек үстелдің модераторы, Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі Алексей Короченконың айтуынша, бүгінде өмірдің барлық саласына әбден сіңген ғарыш технологиялары күнделікті өміріміздің бөлігіне айналып отыр. Сондықтан да басқа өмірді елестету бізге қиын. 60 жыл өтсе де. Дәл 60 жыл бұрын қазақ жерінен адам ғарышқа алғаш ұшқан. Адамзаттың басқа әлемдерге қол жеткізетіні анық, бірақ алдымен біз өз бесігімізді, жерімізді жабдықтауымыз керек. Бүгінгідей іс-шараларды да осы мақсатта өткіземіз.
«Ұлттық ғарыш зерттеулері мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы мен ҚР инженерлік академиясының академигі Марат Нұрғожин өз сөзінде отандық ғарыш ғылымының ахуалы мен жоспарына тоқталды:
«Алдағы уақытта Қазақстан халықаралық деңгейдегі ақпараттық ресурстар мен сервистерді құрып, қазіргі заманғы ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығына лайықты үлесті иеленуі қажет. Ағымдағы жағдайды талдаудың арқасында қазіргі заманғы ғарыш саласының драйверлері болып табылатын бес негізгі бағытты анықтауға болады. Олардың қатарында ғарыш қызметі құнын төмендетуге мүмкіндік туғызатын технологиялық жетістіктер; ғарыш саласына жеке инвестициялар үлесін арттыру; жаһандық экономиканың дамуы; ғарыш қызметін экономикалық өсудің көзі ретінде қарастыру; ғарыш саласындағы елдердің әскери-стратегиялық дамуы», – деді ол.
Мұнымен қоса, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры, Nazarbayev University профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерлан Раманқұлов ғарыш саласындағы заманауи технологияларды тілге тиек етті.