Жаңа оқу жылында қандай қауіпсіздің шаралары қолға алынбақ?
Білім беру үрдісін дәстүрлі форматта жүргізу үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын қолға алған. Солардың негізгісі – жаппай вакциналау. Қазіргі уақытта мұғалімдердің барлығы да екпе салдырған.
Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Сайрам ауданындағы мектеп-гимназиясында дайындық қызу. Санитарлық талап бойынша енді бір партада бір оқушы отырады. Мұғалімдер қыркүйек айына қарай эпидемиологиялық жағдай жақсарып, оқушылармен қайта қауышатындарына сенімді.
Шахноза Тохтаматова, мұғалім
- Қашықтықтан оқыған кезде оқушыларда да, мұғалімдерде де интернетке байланысты біраз қиындық туындады. Оқушылардың білім сапасы төмендеп кетті. Енді 2021-2022 оқу жылында оқушылар мектепке келіп, дәстүрлі форматта сабақ оқығанын қалаймыз. Мектептегі жалпы қызметкерлер саны 123 болса, оның ішінде 109 мұғалім вакцинация салдырған. 19 мұғалім декреттік демалуына байланысты қазіргі кезде уақытша вакцина алған жоқ.
Бүгінде 19 мыңнан астам азамат коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің екі компоненті алған. Бұл – аудан халқының жартысы. Иммундау шарасына қатысуға ниет білдіргендердің саны артқан.
Төлеген Құралбаев, Сайрам аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Білім саласының қызметкерлері денсаулығына байланысты қарсы көрсетпелері бар, жүкті және емізетін балалары бар әйелдерді қоспағанда 100% вакцина салумен қамтылып отыр.
Ауданда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттар онлайн режимде тапсырылып жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл 70 мыңнан астам ұл-қыз бірінші сынып табалдырығын аттайды.