Айта кетейік, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
«Сондай-ақ үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілу үстінде», - деді ТЖМ өкілдері.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19:00 шамасында Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің № 28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды. Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.