Елімізде балаларды вакциналау басталды
Қазір қаладағы № 8 емханада, екпе салу пункті жұмыс істеп тұр. Алдымен 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдермен, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жасалды. Сондай-ақ босанғанына 42 күннен асқан әйелдердің де осы вакцинаны алу мүмкіндігі бар. Таңнан түске дейін 12 адам екпе алды. «Олардың жағдайы жақсы, ешқандай шағымы жоқ», - деп хабарлайды медициналық мекеме өкілдері.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласына Pfizer вакцинасының 35100 дозасы әкелінді.