Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасымен 4 банк жұмыс істейді
Барлығы жеңілдетілген несиемен темір тұлпар тізгіндеуден үмітті. Бұл мақсатқа ел Үкіметі 100 млрд теңге бөлді. Автонесие 7 жылға 10 млн теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі. Бірақ барлығы бұқара ойлағандай болмады. Құжынаған халықты тізімге қосуға барлық екінші деңгейлі банк қабілетті емес болып шықты.
Бірлік Берікұлы, тілші:
- 4% көлік беріп жатыр. Түсініп алыңыздар, тегін емес, 4% беріп жатыр. Осы жаңалық шыққалы бері жұрттың жарғақ құлағы жастыққа тимей, таңсәріден бері осындай көлік салондарының есігін қағып, қарасы қалың. Барлығының қолында автосалонның түсініктемесі, яғни көліктің анықтамасын ұстап алып, қайда барарын білмей сабылып жүрді.
Бұл журналист қолына 5-6 парақұты не үшін ұстап шықты дерсіз. Түсіндіріп өтейін, себебі таңсәріден бері банк қызметкерлері бірде-бір өтінім қабылдамады. Соның нәтижесінде банк қызметкерлі ұсынған ақ параққа жұрт қаламсаппен аты-жөні мен телефон нөмірлерін қалдырып кетіп жатты. Яғни сағат тілі 13:30 болды. Мұндағы тізімге көз жүгіртетін болсақ, 229 адам қазіргі таңда өзінің аты-жөнін белгілеп кетті. Бұл жердегі қызметкерлердің айтуы бойынша, қазіргі таңда бірде-бір көлік осы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша беріліп жатқан жоқ. Себебі оларға екінші деңгейлі банктерден ешқандай ұсынымдар келіп түспеді.
Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры:
- Төрт банктің біреуі ғана қаржылық мәселелер аяқталып, корпоративтік рәсімдер болады. Бұл – миллиардтаған мемлекеттің ақшасы ғой. Күрделі бюджеттік рәсімдер болады. Барып, қомақты қаражатты бере салмайсыз ғой. Оны мақұлдайтын жерлері бар.
Банк қызметкерлерінің өзі кейбір көлік түрлерін 2-8 ай уақыт аралығында күтуге тура келеді деп сендіріп отыр. Сондықтан көлік тапшылығы туындап жатқаны ақиқат. Қазір көптің көкейін кернеп жатқан сауал көп. Қашан беріледі? Бізге әрбірден соң банк несие бере ме? Көлікті қашан аламыз?