Қарағанды облысында өткен аламан бәйгеде арғымағынан айырылған шабандоз мәреге жаяу жетті
6 айналым бойы аламанның алдын бермеген сәйгүлік мәреге бір шақырым қалғанда құлап, жүрегі жарылып кеткен. Осы кезде алматылық шабандоз Арнат Мұратхан аттың жүгенін сыпырып, мәре сызығын жаяу кесіп өтті. Бірақ соңында келе жатқан сәйгүлік алдыға шығып, Арнатқа екінші орын бұйырды. Сөйтіп бір миллион теңге жүлдені қанжығаға байлады. Бірақ жас баланың жеңіске деген жігеріне сүйсінген жергілікті мәрт азаматтар жүлдеден бөлек анасы екеуіне шетелде демалуға жолдама сыйлады.