Атыраулықтар Ақсай-2 ықшам ауданының өркениеттен тыс қалғанына наразы
Балалар көрші шағын аудандағы білім ошағында үш ауысымда оқиды. Мұндағы тұрғындардың телефонмен тілдесуінің өзі мұң. Жарық мәселесі де шымбайға батып отыр. Биыл ықшам аудандағы 20 көшенің төртеуіне ғана жарық жүргізілген. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары келер жылы тағы 4 көшені жарықтандырамыз деп отыр. Ал округ әкімінің айтуынша, мектеп пен балабақшаның құрылысы 2023 жылы басталады.
Аққыз Әділқызы, «Ақсай-2» ықшам ауданының тұрғыны:
-Бірінші — мектеп, сосын балабақша. Мына көшенің жарығы, ғаламтор екі бастан жоқ. Ит масқара! Ит деген адамнан көбейді. Көшелерде толып жүр. Кісіге шабуы мүмкін.
Боранбай Тұрмұхан, Ақсай округінің әкімі
-Өздеріңіз білесіздер біздер ойын алаңын ішкі бюджетіміздегі жиналған қаражат қой, мәслихаттан келісім сұраймыз. Сосын конкурсқа береміз, жерін белгілейміз. Ақсай-2 бойынша 22 көше мен 8 көшенің қиылысынан 1 ойын алаңын салайын деп отырмыз.